Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда Жайық өзеніне батып бара жатқан адам құтқарылды

Оқиға 20 маусым күні Атырау қаласы, «Элита» мейрамханасының тұсында орын алған.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, судан құтқару жасағына қала тұрғыны хабарласып, Жайық өзеніне белгісіз ер азамат суға түсіп, өзеннің орта жағына қарай кетіп бара жатқаны туралы хабарлаған.

«Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Ж. Арманов, Е. Қалабаев және С. Мухамеджанов  дереу оқиға орнына жетіп, суға батқан ер адамды дер кезінде құтқарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Осылайша құтқарушылар  қайғылы жағдайдың алдын алды. Сонымен қатар суға шомылуға жабдықталмаған  жерге суға түскен 1968 жылғы өзбек азаматы, ішімдік пайдаланғаны анықталды», — деді департаменттің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

1. Тек арнайы бөлінген орындарда, жабдықталған жағажайларда шомылыңыз;

2. Мас күйде шомылмаңыз. Бұл – судағы адам өлімінің негізгі себебі.

3. Қайықтарға жақын жүзбеңіз.

4. Қайықтар мен басқа да жүзу құралдарын пайдалану ережелерін сақтаңыз;

5. Жүзе алмаған жағдайда үрлемелі матрастарды, камераларды, тақталарды қолданбаңыз. Тіпті ақырын соққан жел оларды жағадан алыс алып кетуі мүмкін.

6. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button