Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жаяу жүргіншілерге арналған диагоналды жолақ пайда болады

Қалалық әкімдік әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе Абай және Махамбет көшелерінің қиылысына диагоналды жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыруда.

«Диагоналды жаяу жүргіншілер өткелінің басты мақсаты — жол-көлік оқиғасын алдын-алу және қала аумағындағы кептелісті азайту. Яғни, бағдаршам нысаны төрт бағыттағы автокөліктерге бір бағытта қызыл жанып, жаяу жүргіншілер кедергісіз кез-келген бағытқа қарай өтіп, автокөлік жүргізушілеріне де, жаяу жүргіншілерге де кедергі жасамайды. Осы ретте, автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін қатаң сақтап, белгіленген жермен өту керектігін ескертеміз», — деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button