
Жаңалықтар
Атырауда жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды
Қала аумағында жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайтын 12 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады.
Атап айтсақ, Әлімбаев, Ерниязов, Жарбосынов, Неверов, Абдрахманов, Еркінов, Аманшин, Дүтбаев көшелері, Нұрсая шағын ауданы №2 өткел мен №80,81,90 үй аумағы, «Ет комбинаты» ықшам ауданы №1 көше, Майлин даңғылы аумағында тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Қазіргі таңда алғашқы жұмыстар М.Әлімбаев көшесінде жүргізілуде.
Аталған жұмыстарды «Жайық Сити» медігер мекемесі атқаруда.