Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда заманауи би додасы өтіп жатыр

Атырау қаласында ұйымдастырылып жатқан іс-шараның мақсаты – заманауи би мен хип-хоп мәдениетін жастар арасында кеңінен насихаттап, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

f52af3e3 da75 46bb 9de0 5e3c630db40d

Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы өнерпаздар қатысуда. Дода төрт түрлі би бағытын қамтиды.

Заманауи би – классикалық немесе халықаралық би ережелеріне тәуелсіз, еркін қимыл мен дара стильге құрылған өнер түрі. Ол еркіндік пен заманауи бағытты айқын паш етеді.

Сайысқа Ақтөбе және Орал қалаларынан кәсіби деңгейде 15–20 жылдық тәжірибесі бар білікті мамандар қазылық етіп жатыр. Байқаудың жүлде қоры – 700 000 теңге. Қатысушылар арасында іріктеу өткізіліп, үздік топтар мен орындаушылар марапатталады.

Фестиваль салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың мәдени белсенділігін арттыруды көздейді. Ұйымдастырушылар – облыстық ішкі саясат басқармасы және «Атырау жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігі.

Ботагөз ИСАТАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button