Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Атыраудағы балық өліміне қатысты мәселе «Nur Otan» партиясының бақылауына алынды

Atr.kz/19 наурыз, 2019 жыл. 18 наурызда «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында облыстық ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев және ведомствоаралық комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзенінде балықтың қырылу себебін анықтауға жұмылдырылған мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдады.

54278807 652477635186906 7592793943515856896 o

Н.Ожаев атап өткендей, бүгінде р аталған проблема тұрғындады алаңдатуда. Ауа райының жылынуына байланысты өзен жағалауында балық өлекселері жиналып қалған. Көптеген тұрғындар партияның қоғамдық қабылдауына келіп, мүдделі органдардың осы мәселені шешу бойынша атқарып жатқан нақты шаралары жөнінде халықты ақпараттандырып отыруды сұраған.

54727831 652477715186898 6234116752079323136 o

Бүгінгі таңда партия халықтың мүддесін қорғайтын және Елбасы тапсырмаларының орындалуын бақылайтын басты институтқа айналды. «Халыққа көмек» жаңа партиялық жобасы іске аса бастады. Бұл жоба тікелей Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған. Тұрғындардың, жұртшылықтың проблемаларына жедел әрекет ету қажеттігін Мемлекет басшысы партияның XVIII съезінде де атап өтті.

54192512 652477675186902 3892012734144839680 o

Осы жұмыстар аясында жүйелі шешуді, жан-жақты зерделеуді қажет ететін қоғам назарына ілінген, проблемалық, қиын мәселелерге проактивті мониторинг жүргізіледі.

— Қазір аймақ халқын алаңдатып отырған проблема – Жайық өзенінің жағдайы, балықтардың қырылуы. Партия мүшелері Жайық жағалауын қоқыстан тазартуға арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты. Бір күннің ішінде 52 тонна қоқыс, 4,3 тонна өлі балық жиналды,-деді Нұрлыбек Ожаев.

54278216 652477665186903 1942008920750948352 o

Партия алаңында өткен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында сөйлегендер өзен суының сапасын, балық пен балық өнімдерінің базарларда, сауда нүктелерінде сатылуын бақылау, балық өлекселерін жинау, жағалауды тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.

53916323 652477608520242 500454206419763200 o

Кездесу барысында өзенде балық қырылуының себептерін анықтау жайы «Nur Otan» партиясының назарында екені және күн сайынғы мониторинг қортындысы партияның облыстық филиалына жіберілетіні айтылды.

  • Экология департаментінің, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, полиция, денсаулық сақтау басқармасы, ветеринарлық қызмет басшылары жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша толық ақпарат берді. Базарларда, сауда орындарында балық өнімдерін сату нүктелеріне бақылауды күшейту туралы тапсырма бердік.
  • Қазір жағдай тұрақты. Күн сайынғы мониторинг өзен суында нормадан ауытқу жоқ екенін көрсетіп отыр. Сатуға шығарылған және жаңа ауланған балықтарға зертханалық сынамалар бұзушылықтарды анықтамады. Медициналық мекемелерге балық өнімдерінен улану, инфекциялық ауру дерегімен түскендер тіркелген жоқ,-деп атап өтті Нұрлыбек Ожаев.
54256165 652477601853576 3273130890506534912 o

Ветеринарлық қызмет балық өнімдерін сататын 41 сауда нүктесін бақылауда ұстап отыр. Балық аулау орнынан сату нүктесіне дейінгі және тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықтың бәріне мониторинг жүргізіледі. Сату орындарының бәріне облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тексеру жүргізетін болады.

Құқық қорғау органдарына тексеруді ашық жүргізіп, қортындысы туралы нақты ақпаратты ұсыну тапсырылды. Әкімдік балық сатылуы мүмкін жерлердің бәріне қатаң бақылау жасайды.

Ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Атырау облыстық әкімдігінің және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бастамасымен биыл жазда Жайық өзеніне ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілетіні айтылды.

55498109 652477658520237 7021320752049684480 o

Облыстық мәслихат депутаттарының шешімі бойынша осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 80 млн теңге бөлінді. Тендер жарияланып, оған отандық, шетелдік ғылыми-зерттеу топтары қатыса алады. Зерттеу жаздың үш айында жүргізіледі деп жоспарлануда. Содан кейін экологиялық ахуал, ластану себептері мен су сапасы туралы проблемалық мәселелер бойынша мамандар нақты ұсынымдар береді. Өзен жағдайы Махамбет ауданынан бастап Каспий теңізіне құйылатын жерге дейін зерттеледі.

Облыстық ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысында айтылған барлық тапсырмалар партияның бақылауына алынады. Әр бағыт бойынша жүргізілген жұмыстар туралы жұртшылыққа жедел ақпарат беріледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button