Жаңалықтар

Атырауда үш мыңға жуық шабақ құтқарылды

Атырау қаласында ұйымдастырылған «Шабақтарды сақтайық» экологиялық акциясына 50-ге жуық ерікті қатысты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

–Жайықтың деңгейі түскен кезде жайылмада қалып қойған балық шабақтарын толық құтқару үшін акцияны қолға алдық. Бүгін еріктілермен үш мыңға жуық балық шабағы өзенге жіберілді. Бұл жұмыстар жалғасын табады, — деді Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары А.Балашева.

Іс-шара Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы “Жаңа жастар” волонтерлік ұйымы, “Teniz juregi” еріктілер жобасының бастамасымен жүзеге асуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button