Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Ulttyq Cover» музыкалық байқауының үздіктері анықталды

Атырау қаласындағы Ретро саябақта «Ulttyq Cover» байқауының финалдық кезеңі өтті. Қала және екі ауданнан іріктелген 8 финалист сахнада жанды дауыста өнер көрсетіп, өз шеберліктерін көпшілікке паш етті.

9494ffed 72f6 4766 81d4 007145abf0ce

Байқау барысында көрермендер нағыз эмоция мен драйвқа толы кештің куәсі болды. Әсем әуен мен талантты орындаушылардың өнері бір алаңда тоғысып, музыкалық мәдениетті дәріптеуге үлес қосты. Қатысушылар өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, сахнада тыңдарманын баурап алды.

Қазылар алқасының шешімімен Нұрлы Мұстафа бірінші орынды жеңіп алды. Іңкәр Азаматова екінші орынға ие болса, Нұршат Мақсатқа үшінші орын бұйырды.

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Өнер додасы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Байқау жас өнерпаздарға өзін танытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, өңірдегі мәдениет пен өнердің дамуына серпін берді.

Ботагөз ИСАТАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button