Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда үкіметтік емес ұйым өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті

Атыраулық үкіметтік емес ұйым белсенділері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «ҮЕҰ мектебі 2.0» атты екі күндік семинар-тренингке қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараның бастамашысы — Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы “Азаматтық орталық” КММ-сі. Оған үкіметтік емес ұйымдардың 20-ға жуық белсенділері қатысты. Білім беру семинары дәстүрлі түрде «ҮЕҰ верификациясының негізі ретінде миссия мен стратегиялық мақсаттарды анықтау», «Қаржы менеджменті», «Жаңа медианың мүмкіндіктері» атты түрлі тақырыптық бағыттағы оқу модульдерін қамтыды. Тренерлер Нұр-Сұлтан қаласынан келді. Олар бизнес-тренер Арай Успаева, «Green Tall» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмир Әскеров және Атыраулық таргетолог, маркетолог маман — Жанболат Ізім.

«Біздің орталықтың басты міндеті-ҮЕҰ-ға қалыптасу кезеңінде де, қызмет барысында да консультациялық, әдістемелік, білім беру жағынан қолдау көрсету. Тренинг 3 жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта да өткізу жоспарда бар. Оларға ҮЕҰ-ның барлық өкілдері қатыса алады», — деді Азаматтық орталық директорының м.а. Әйгерім Саулен.


Іс-шара соңында барлық қатысушыларға тренингке қатысқандығын растайтын сертификат табысталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button