Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда үй өртеніп, бес адамды күйік шалды

2 қаңтарда сағат 11:10-да Call-орталығына Атырау қаласы, Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасының дүмпуі орын алғаны, содан кейін 9 шаршы метр көлемінде қабырғаның қирауы және 140 шаршы метр алаңда үйдің жануы анықталды.

img 4433



Өрт сағат 12:03-те оқшауланып, 12:22-де жойылды. Салдарынан бес адамды күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД 16 қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button