ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда үй шаруасында отырған аналарды кәсіпке оқыту басталды
Atr.kz/25-ақпан, 2019 жыл. #Iskerana жобасын қазіргі таңда Азаматтық орталық қолға алып отыр.
Көп балалы, жалғызбасты, тұрмыс жағдайы төмен аналарды оқытып, кәсібін бастауға көмектесуді мақсат еткен жоба бойынша 87786639263 байланыс телефоны арқылы ақпарат алуға болады.
«Сабақты жібермей, белсенді болған аналарға кішігірім гранттарымыз бар» дейді жобаны үйлестірушілер. Аналар аз уақыт ішінде тігінші, аспаз, маникюр, визаж сынды сұранысқа ие мамандықты игере алады.
Еске сала кетелік, 20 ақпан күні тұрғындар алдында есеп берген Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен аналардың кәсіпке оқытылатындығы жөнінде хабарлаған болатын.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.