Жаңалықтар
Атырауда түтіндеген көліктен секірген әйел адам көз жұмды
Жүргізуші әйелімен бірге «ГАЗельде» кетіп бара жатқанда көлік қатты түтіндей бастаған.
«Атырау-Индер» тасжолында әдеттен тыс жағдайда болған жол апатынан бір адам көз жұмды, деп жазды.
Қайғылы оқиға 23 мамырда сағат 18:30 шамасында болды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүргізуші әйелімен бірге «ГАЗельде» кетіп бара жатқанда көлік қатты түтіндей бастаған. Ер адам әйеліне жүріп келе жатқан көліктен секіру керектігін айтқан. 52 жастағы әйел секіреді, бірақ көлік астына түсіп, көз жұмған.
«Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ақ Жайық