
Құқық
Атырауда тұрмыстық зорлықтың алдын алу рейді өтті
25 шілде күні Атырау қалалық полиция басқармасының №2 полиция бөлімінің отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі инспекторы мен қалалық прокуратура қызметкерлері бірлесіп, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігіне сәйкес тіркелген отбасылық зорлық-зомбылық фактілері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған тұлғалармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, отбасылық жанжалдардың алдын алу және олардың қайталануына жол бермеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.