![Атырауда тұрғын үйлерге жылу берілуде 1 61f644e2 66d7 4049 8d24 d3b8499c24f0 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/10/61f644e2-66d7-4049-8d24-d3b8499c24f0-1-780x470.webp)
Жаңалықтар
Атырауда тұрғын үйлерге жылу берілуде
Атырау қаласында тұрғын үйлерге біртіндеп жылу беріле бастады. Бұл туралы «Атырау Энергокешенінің» баспасөз қызметі хабарлады.
1 қазаннан бастап облыс орталығындағы әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептер, балабақшалар, ауруханалар және басқа да мекемелер толықтай жылу жүйесіне қосылды.
Қала тұрғын үйлері 8 қазаннан бастап жылуға қосыла бастады. Қазір 1033 тұрғын үйдің 517-сі жылумен қамтамасыз етілді, ал қалған 516 үйге жылу беру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА
Сурет: atr.kz