Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда тұрақтандыру қорына 1 115 тонна өнім жеткізілді

Atr.kz/3 қыркүйек, 2019 жыл«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорына 1 115 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу үшін шаруа қожалықтарымен форвардтық келісімге қол қойды.

Аталған акционерлік қоғамның департамент директоры Дмитрий Дюдың айтуынша, алдағы қазан-қараша айларында шаруа қожалықтарынан 700 тонна картоп, 150 тонна пияз, 150 тонна қырыққабат және 115 тонна сәбіз жеткізіледі деп күтілуде.

Жалпы құны 70,1 миллион теңгеге бағаланған ауыл шаруашылығы өнімдері тұрғындарға 2020 жылдың мамырына дейін нарықтағыдан 10-30 процентке төмен бағамен сатылмақ.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button