Атырауда түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген 70-ке жуық жасөспірім анықталды

0ddbb250 1e5d 4ae4 881d a5800861b70a Жаңалықтар

Атырауда түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, атқарылған іс-шаралар нәтижесінде 1 күнде облыс аумағында кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Түнгі сағат 23-00 ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 69 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз