Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда туберкулезбен ауыратындар саны азаюда

Былтыр 9 айдың ішінде туберкулезбен ауырған 246 адам анықталса, биыл 231 науқас тіркелген, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл басынан бері туберкулездің таралу көрсеткіші 7,6%-ға төмендеген.

–Өлім көрсеткіші де өткен жылмен салыстырғанда 18,6%-ға төмендеді. Аурудың алдын-алу мақсатында 4 679 адам диаскинтесттен өтті. Оның 2 256-сы бала, 310-ы жасөспірім және 2 113-і ересек адам, — деді облыстық фтизиопульмонология орталығының статистик дәрігері Алмас Құмаров.

Бұдан бөлек, науқастармен қарым-қатынаста болған 1 430 адам тексерілген, оның 573-і бала, 707-і ересек, қалғаны – жасөспірім. Қауіп-қатер тобына жататын 3 мыңға жуық адам да бақылаудан өткен.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button