Атырауда Ту тұғыр алаңы мен Жастар саябағының қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды

20180820143359 Жаңалықтар

Atr.kz/7 ақпан, 2020 жыл Биыл Жайық жағалауын абаттандыру, Ту тұғыры алаңы мен халық арасында «Банан» деп аталып кеткен Жастар саябағы пайдалануға беріледі.

Бұл туралы бүгін Атырау қаласы әкімінің есебінде белгілі болды.

Облыс басшысы Махамбет Жолдасқалиұлы бұл жобалар аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін қаламыздың келбеті одан әрі көркейе түсетінін баса айтты.

107030 b0

«Сондай-ақ, көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында өткен жылы қаламыздың орталық көшелері қайта жаңғыртылып, кеңейтіліп, ауылдық елді мекендерге автокөлік жолдары салынып, бірқатар жолдар жөнделді.

Бұдан басқа, қала тұрғындарының күнделікті жүріп-тұру қатынасын жақсарту мақсатында қала паркі жаңа қоғамдық автобустармен толықты. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да өз жалғасын табады» деді Махамбет Досмұхамбетов.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/mahambet-dosm%D2%B1hambetov-zhylyzhaj-%D2%9Bataryn-k%D3%A9bejtudi-tapsyrdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз