Атырауда трамадол тұтынған тұрғындар анықталды
Атыраулық полицейлер трамадол тұтынған 6 тұрғынды анықтады.
Әлеуметтік желіде әсері жоғары психотропты дәрі-дәрмектердің заңсыз айналымына және оларды тұтынуға қатысты наразылықтар туындаған болатын. Бұл бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев тұрғындар арызы бойынша мекен-жайларды тексерді.
«№2 Атырау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мекен-жай бойынша тексеру барысында Береке ықшам ауданында орналасқан 2 пәтер ішінен психотропты дәрі-дәрмек тұтынған 6 тұрғынды анықтады. Аталған 1991, 1992, 1993 ,1995, 1995, 1998 жылғы тұрғындар сараптамаға жеткізіліп, іс-құжаттар жинақталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.