Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Атырауда төтенше жағдай талабын бұзған базар анықталды

Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл. Атырау қаласындағы «Ескі базар» әкімшілігі төтенше жағдай талабын бұзған.

Кеше әлеуметтік желілерде «Карантин? Атырау қаласында? Жоқ. Естіген жоқпыз» деген видео жарияланған еді. Онда адамдардың көп жиналғаны түсірілген.

«Оқиға 12 сәуірде Атырау қаласындағы Афанасьев көшесінің бойында орналасқан «Ескі базар» аумағында болған. Төтенше жағдай кезіндегі талаптарды орындамаған базар әкімшілігіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476-бабының, 6-бөлігімен толтырылған хаттама сотқа жолданды. Қолға алынған шаралар туралы қосымша хабарланады» деп мәлім етті бүгін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button