Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін 700 полиция қызметкері жұмылдырылады

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысының Бас санитарлық дәрігері  енгізген шектеу шаралары  17 сәуір күшіне енеді, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Жаңа шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап,  Төтенше жағдай режимін  қамтамасыз ету Полиция департаменті қызметкерлерінің құзырында.

Осылайша, 17 сәуір  сағат 07:00-ден бастап қала көшелерінде 40 патрулдік көлік пен 40 жаяу патрул тәулік бойына жұмыс істейтін болады.

Облыстық орталығының  өзі бірнеше секторға бөлінбек, олардың әр қайсысына  жауапты адамдар тағайындалған. Қаладағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге 700 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, Атырау облысының Бас санитарлық дәрігерінің 14 сәуір күнгі қаулысына сәйкес, өңірде  карантин режимі кеңейтіліп, шектеу шаралары енгізілген еді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button