
Біреуінің жағдайы ауыр: атыраулық дәрігерлер жұқпалы індетке шалдыққандар туралы айтты
Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Дәрігерлер Атыраудағы Covid -19 індетін жұқтырған 29 науқастың жағдайы туралы баяндады.
Инфекциялық стационарға жатқызылған 26 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 6 сәуір күні Атырау облысындағы инфекциялық стационарда «коронавирустық инфекция» жұқтырғандар саны 29-ға жетті.
— 29 науқастың ішінде 16 жасқа дейінгі екі бала бар. Қазіргі уақытта жиырма алты науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, ал екі емделушіде аурудың орташа деңгейі байқалады. Бір науқастың ауруы күрделі өтуде, — деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы.
Инфекциялық стационардағы барлық емделушілерге тиісті ем шаралары жүргізілуде, оларға толық медициналық көмек көрсетіледі.