Атырауда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі
Бүгін, 13 қарашада Атырау облысында жоспарлы «Атырау-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуы өтеді. Бұл іс-шараны облыстың жедел штабы терроризмге қарсы ҚР АТО аясында ұйымдастырып отыр, — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризмге қарсы іс-қимылға, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайтып, жою шараларына дайындығын тексеру.
Осы оқу-жаттығу барысында Атырау қаласының кейбір аудандарында уақытша шектеу шаралары енгізіледі. Сол себепті, құзырлы орган өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарынан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, сабырлық танытуларын сұрайды.
Қауіпсіздік мақсатындағы бұл шаралар азаматтардың тыныштығы мен қорғау деңгейін арттыруға бағытталған.
Сурет: atr.kz