Атырауда темір ұрлап жүрген кім?

whatsapp image 2022 03 28 at 123404 Жаңалықтар

Атырауда 14 заңсыз темір қабылдау орны анықталды.

Металл ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Атырау қаласы аумағында 16-31 наурыз күндері аралығында “Металл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға Атырау қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің және жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлері арасынан арнайы топтар құрылды.

Аталған іс-шараның он күнінде қала аумағында жұмыс жасап жатқан 70 астам темір қабылдау орындарына тексеріс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде құжатсыз жұмыс жасап жатқан 14 темір қабылдау орны анықталды. Олардың заңдылығын тексеру мақсатында мәліметтер Мемлекеттік кірістер басқармасына жоланатын болады.

Сонымен қатар, аталған 14 темір қабылдау орынының құжатсыз жұмыс жасағандарына қарамастан, рұқсатыз жарнама плакаттарын ілгендігі белгілі болды. Олардың иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен әкімшлік хаттамалар жасақталып, әрқайсысына 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан бөлек, темір ұрлығына қатысы бар, оның ішінде металл, “Қазақтелеком” кабельдерін қолды қылған екі тұлға ұсталды. Олармен жасалған 15 ұрлық фактілері анықталып, басқа да бұрын жасалған ұрлық қылмыстарына қатысты ұрланған заттарды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары басталды.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз