Жаңалықтар
Атырауда Тәжікстан азаматының жүк көлігі өртенді
Atr.kz/26 ақпан, 2020 жыл. Атырау-Доссор бағытындағы жол бойында жүк көлігі өртенді.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртенген көлік Тәжікстан Республикасы азаматының меншігінде екен. Өртті сөндіруге Қарабатандағы Мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында орналасқан өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен арнаулы техникалар тартылды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жүк көлігінің неден өртенгені анықталуда.
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ