
Жаңалықтар
Атырауда тазалық акциясы өтті
Тәуелсіздік мерекесінің 33 жылдығы қарсаңында “Атырау — менің қалам” атты тазалық акциясы өтті.
Сенбіліктің басты мақсаты — туған қаламыздың тазалығына үлес қосу, ел мен жердің игілігі үшін іс атқарып, қоғам дамуына үлес қосу.
Авангард ықшам ауданының Жайық жағалауында өткен сенбілікті «Қаһарман орта» еріктілері ұйымдастырды.