Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда татуласу және құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Аtr.kz/30 мамыр, 2019 жыл. Бұрынғы құқық қорғау орталығының тұрғындарға көрсететін қызмет саны артуына байланысты атауы өзгертілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, 30 мамыр күні татуласу және құқық қорғау қызметтері орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге бақылау-қадағалау органдарының, облыстық соттың, әділет басқармасының және Атырау облысы әкімдігінің бірінші басшылары қатысты.

Айта кету керек, Құқық қорғау қызметі орталығы бір жарым жыл бұрын өз қызметін бастады, биылғы жылы мекеме атауы өзгертілді және халыққа көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтті.

WhatsApp Image 2019 05 30 at 18.13.17 1

— Орталықта қосымша психолог, «Сот кабинеті» электронды сервисі бойынша жауапты маман қызмет көрсетеді және судья әдебі жөніндегі Комиссия мүшелерінің қабылдауы жүргізіледі», — деді Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Луиза Карина.

Айта кету керек, атау өзгертілгенге  дейін орталықта  білікті заңгерлер, адвокаттар, медиаторлар, сот приставтары, нотариустар, полиция қызметкерлері, пробация қызметкерлері және прокурорлар қызмет етті. Мұнда барлық қызметтер бір терезе қағидаты бойынша шоғырланған.

WhatsApp Image 2019 05 30 at 18.13.17 3

— Бүгін Атырау облысының әрбір тұрғыны білікті заңгерлік көмек алуға құқылы. Облыстың құқық қорғау құрылымдары күнделікті азаматтар үшін барлық қажетті және қолайлы жағдайлар жасауға тырысады »,- деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов өз құттықтау сөзінде.

Сол күні Атырау облыстық прокурорының, Атырау облыстық сотының төрағасы мен заңгердің қатысуымен Құқық қорғау және татуласу қызметтері орталығында облыстық полиция басқармасының, облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің, облыстық әділет басқармасының басшылары және Атырау қаласы әкімінің орынбасарының қатысуымен ашық есік күні өтті. Бұл күні Атырау қаласының 50-ге жуық тұрғыны қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша кеңес алды.

Еске сала кетейік, татуласу және құқық қорғау қызметтері орталығы Атырау қаласы, Сатпаев көшесі, 25 мекен-жайында орналасқан.

WhatsApp Image 2019 05 30 at 18.13.17

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button