ЖаңалықтарҚұқық
АТЫРАУДА ТАҒЫ БІР АЗАМАТТЫ ТАБА АЛМАЙ ЖАТЫР…
Жоғалған адамды іздеу жұмыстары жалғасуда…
30 қаңтарда Махамбет ауданының Сарайшық және Бейбарыс елді мекендерінің маңында 1957 жылы туған, 28 қаңтарда белгісіз бағытта үйінен шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған ер адамды іздеу жалғасуда.
Кинологтар жақын маңдағы аумақты аралап шықты. Сондай-ақ, Жайық өзеніне сүңгуірлер түсті. Жалпы, іздеу жұмыстарына жеті қызметкер мен бір техника жұмылдырылды.
«Атырау облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»