Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда су сүзетін екі жаңа стансаны тезірек іске қосу керек — Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау жұртшылығымен кездесуде өңірдегі ауыз су мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Су сүзетін екі жаңа стансаны тезірек іске қосу керек.«Астрахан – Маңғыстау» су құбырының 80 пайызы әбден тозған. Оны жаңғырту жұмыстарын тездету қажет. Сонымен бірге, Үкімет Еділден жаңа су құбырын тарту мәселесі бойынша банктермен, қаржы институттарымен келіссөзді жандандыруға тиіс. Аймақтағы суару каналдарының көпшілігі тозып тұр. Биыл 3 каналды жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Тағы 11 каналды қалпына келтіру керек. Үкіметке алдағы екі жылда осы жобаларға қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырамын. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету – мемлекеттің міндеті. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін созбалаңға салуға болмайды», — деді Президент жиында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button