Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда су деңгейі 6 метрге жақындады

Атырау қаласындағы гидро бекетте Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 5 сантиметрге көбейіп, жалпы деңгейі 590 сантиметрге жетті. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.

Олардың мәліметінше, Индербор кенті тұсында өзен суы 5 сантиметрге азайып, жалпы деңгейі 995 сантиметрге түсті. Қауіпті мөлшерден 150 сантиметрге әлі артық. Ал Махамбет ауылындағы гидропостта су деңгейі өзгеріссіз. Жалпы деңгейі 1020 сантиметр болса, шекті деңгейден 170 сантиметрге көп.

Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберілуде.

Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button