Жаңалықтар
Атырауда сержант өртеніп жатқан үйден тұтас отбасын құтқарып қалды
Төтенше жағдай 19 мамыр күні болған.
Өрт Атырау қаласының Балықшы мөлтек ауданындағы 26 үйдің 1 қабатынан шыққан.
«Шамамен сағат 08:30-да электр тоқ құралдарынан өрт шықты. Осы уақытта өртті байқаған әскери жасақ бастығы, кіші сержант Шалқар Сабырғалиев көмекке кіріседі. Дереу өрт сөндіру қызметіне хабарлама бергеннен кейін, қою түтіннің ортасынан 5 қабатқа көтеріліп, 5546 әскери бөлімінің офицері капитан Берік Елемесовтың жанұясын, яғни 2019 жылы туылған ұлын және 2021 жылы туылған қызын қара түтін алабынан алып шығады. Өрт салдарынан қаза тапқандар, зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.