Жаңалықтар
Атырауда сауна отқа оранды
Atr.kz/24 тамыз, 2020 жыл. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Лесхоз ықшамауданында орналасқан саунада шыққан.
- «Департаменттің диспетчерлік пультіне күнгізгі сағат 10:00-де саунаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өртті сөндіруге арнайы қызметтің 11 қызметкері жұмылдырылды. Оған 3 арнайы техника тартылды. Жалын жалпы ауданы 9 шаршы метр болатын бу бөлмесінде басталған. Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің нәтижесінде қызыл жалын жапсарлас тұрған жалпы ауданы 1 400 шаршы метрлік техникалық қызмет көрсету бекетін шарпыған жоқ», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
«ҚазАқпарат»