Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

АТЫРАУДА САТУШЫ ӘЙЕЛДІҢ ҚЫЛМЫСЫ АШЫЛДЫ

Атыраулық полицейлер дүкен ішінде психотроптық дәрі сатқан азаматшаны әшкереледі.

Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде психотроптық дәрі сатумен айналысқан 38 жастағы азаматшаны анықтап, ұстады. Одан 29 дана трамадол және 11 дана топикамид тәркіленді.

Аталған азаматша қаңтар айында дәл осындай құқық бұзушылыққа жол беріп психотропты дәрілерді саудалағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты іс-құжаттар жинақталуда.

Атыраулық полицейлер тұрғындардан қандай да бір есірткі қылмысына немесе психотропты дәрі-дәрмектерді заңсыз саудалаған деректер туралы дереу полицияның 102 операторына хабарлауын сұрайды.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button