Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Атырауда сайлау учаскесінде дауыс берушілерге бауырсақ пен шұбат беріліп жатыр (+ФОТО)

Сайлау Атырау қаласындағы №7 сайлау учаскесінде де жоғары деңгейде өтуде.

Студенттер даңғылы, 211 А мекен-жайындағы «Сенім» элитарлық мектеп-балабақшасында орналасқан сайлау  учаскесіне келушілер саны аз емес. Сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Айнагүл Ахметованың баяндауынша,  бұл учаске  белгіленген уақытта ашылды.

– Таңғы сағат 7:00 мен 10:30 аралығында 47 адам дауыс берді. Негізінен аталған учаскеде 2 691 сайлаушы тіркелген. Мұндағы қарт сайлаушы Надимулла Ғабдуринның жасы – 92-де. Бұл сайлаушыға сайлау жәшігі үйіне жіберілуде. Ал, сағат 7.00-де ең бірінші келіп, өз таңдауын жасаған 62 жастағы Кенжебай Дүйсенғалиев болды. Оған арнайы сыйлық берілді. Сондай-ақ, мұндай мүмкіндікке 18 жасқа толып, ең алғаш дауыс берушілер де ие болды, — деді Айнагүл Мақсотқызы.

Аталған сайлау учаскесінде барлығы 9  байқаушы бар. Оның біреуі халықаралық байқаушы. Бұдан басқа, 1 сенімді өкіл бар. Мұнда барлық санитарлық талаптар сақталған. Барлық сайлаушыларға шұбат пен бауырсақ таратылуда.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

img 20210110 wa0150
img 20210110 wa0152
img 20210110 wa0151
img 20210110 wa0149

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button