Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Сайлау күнінде Атырауда 23 сәби дүниеге келді

«Сайлау түнінен түске дейінгі аралықта Атырау облысы бойынша 23 нәресте дүние есігін ашты. Оның 13-і ұл, 10-ы қыз бала. Дәрігерлер «аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы» деп отыр, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Саяси науқанға сай сәбиінің есімін сайлаумен байланыстырғандар бар ма деп, жас аналардың өздерімен сөйлескен едік.
 Жас ананың бірі Атырау облысы, Исатай ауданының тұрғыны Шынар Төлеуішова бүгінгі қуанышын саяси науқанмен байланыстырмақ ниетте.

–Біздің отбасымызда үш қыз өсіп келеді. Енді, міне, тағы бір қыз баланы дүниеге әкеліп отырмын. Айтайын дегенім, біздің әулетте сәбилердің есімдерін саяси науқан, айрықша оқиғаларға байланыстырып қоятын дәстүр бар. Мысалы, бұдан бұрынғы қызымызды атасы «Құралай» амалы тұсында туғандықтан Құралай деп қойған болатын.

Енді бүгінде, сайлау кезінде дүние есігін ашқандықтан кішкентайдың атын осы шарамен байланыстырмақ ойымыз бар. Дегенмен тікелей Сайлау деп қоймаймыз, мүмкін саясатта жүрген іскер әйелдердің есімімен байланысты атауымыз мүмкін, — деді жас ана. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button