COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғамҚұқық
Атырауда саябақтар мен демалыс орындарына баруға тыйым салынды
Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-Тұрғындардың саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға, басқа да демалыс орындарына баруына тыйым салынады. Бұдан бөлек, көшеде 3 адамнан артық топтасып жүруге болмайды. 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылған, — деді Жанар Досымбаева.