
Жаңалықтар
Атырауда «Қажырлы еңбек — табыс кілті» жобасының жеңімпаздары марапатталды
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігін дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында байқау ұйымдастырған болатын.

«Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты флаерлер (инфографикалар) дайындауда төрт атыраулық жеңімпаз атанды.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.



Суретте:
Сахитова Бибігүл Тілешқызы
Ермұқан Алтыбай Намазұлы
Киматова Клара Муфтахитденқызы
Дусипкалиева Зоя Шапайқызы
Салтанатты шарадан соң ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Злиха Елубайқызы жиналған түрлі сала маман иелеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында семинар өткізді.
Ж. Халиуллина
Суреттерді түсірген Е. Алтыбаев