Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда қазба жұмыстарына жергілікті бюджеттен 10 млн теңге бөлінді

Atr.kz/21 ақпан, 2020 жыл. Биыл «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстағы қазба жұмыстарына жергілікті бюджеттен 10 млн. теңге қаржы бөлінді. 

Бұл туралы «Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының Атырау облысында іске асырылуы» тақырыбында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы директорының орынбасары Жанар Жұмажанқызының айтуынша, қазба жұмыстары жаз мезгілінде басталады. «Бүгінде қазба жұмыстарының құжаты облыс әкімімен бекітілді. Ендігі уақытта бұл қызметті атқару тиісті басқармаларға жүктеліп, бөлінеді. Қазбаның әзірге аймақтың қай аумағында басталатыны белгісіз» дейді ол.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/sary%d3%a9zekten-alyn%d2%93an-synama-%d2%9bashan-dajyn-bolady/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button