Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда Қазақстан-Қытай Халықаралық инженерлік мектебі ашылады

VIII Қазақстан–Қытай Іскерлік кеңесінің отырысы аясында UTEBAYEV UNIVERSITY мен Ляонин мұнайхимия университеті стратегиялық келісімге қол қойды. Құжат аясында Қазақстан–Қытай халықаралық инженерлік мектебін құру жоспарланып отыр.

565d5d18 da1c 4d30 aab2 c41b122980d1

-Жаңа мектеп Қытай Халық Республикасының студенттеріне қос диплом алуға бірегей мүмкіндік береді – қазақстандық және қытайлық университеттердің дипломы қатар табысталады. Бұл болашақ инженерлерге екі елдің үздік білім беру тәжірибесін ұштастыра отырып, іргелі дайындық пен заманауи қолданбалы білімді меңгеруге жол ашады, — деп атап өтті UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова.

Тараптар білім беру бастамаларымен қатар мұнай-химия инженериясы саласында халықаралық бірлескен ғылыми зертхана құруға уағдаласты. Бұл орталық Қазақстан мен Қытайдың ғалымдарын, сарапшыларын және студенттерін тоғыстыратын алдыңғы қатарлы зерттеу мен инновация орталығы болады. Зертхана жаңа технологияларды дамытуға, білім алмасуға және энергетика саласындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталады.

Сапар барысында China University of Petroleum – Beijing басшылығымен де келіссөздер өтті. Вице-президент Чжан Гуанцин мен университет президенті, профессор Цзинь Янь ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік танытып, жаңа серіктестік бағыттарын айқындады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button