Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда қауіпті індеттің алдын алу үшін не жасалып жатыр?

Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысындағы коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қандай жұмыстар атқарылып жатқанын облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов брифинг барысында айтып берді.

-Атырауға «1А» санатына жататын елдерден келген азаматтарды 14 күн карантиндік оқшаулау мақсатында облыстық туберкулезге қарсы деспансерден бөлек тұрған ғимарат жанынан 100, Махамбет ауданынан 100, Құрманғаздыан 30 және тағы бес ауданнан 50 кереуеттік орын, барлығы 280 провизорлық бөлімше құрылды. Бұған қосымша жатақханалардан, атап айтқанда, Атырау қаласында энергетика және құрылыс колледжінен 100, Кіші өнер академиясынан 70, Атырау мұнай және газ университетінен 120, Атырау мемлекеттік университетінен 120, Махамбет ауданындағы жеке қонақүйден 60, Береке шағынауданындағы пәтерлерден – барлығы 1910 орын дайындалды, — деді Б.Қайыржанқызы.

Ал, инфекция анықталған жағдайда, емдеу бағытында облыстық №2 аурухана жанынан 130 орын дайындалса, оның 24-і – реанимациялық. Облыста барлығы 104 ИВЛ, яғни, өкпені жасанды жеделдету аппараты бар, оның 61-і ересектерге арналған. Демеушілердің көмегімен тағы 20-сы алынуда.

-Атырауда коронавирус жұқтырғандар мен олармен жақын қарым-қатынаста болғандардың жағдайы қанағаттанарлық. Қазір облыстық ауруханада тиісті емдерін алып жатыр және дәрігерлердің жіті бақылауында, — деген Б.Ғазизов дәрі-дәрмек қорының жеткілікті екенін де айтты. Шетелден келгендерге келсек, 84 адам тұрақты бақылауға алынған және 140 адам үй карантинінде жатыр, жағдайлары қалыпты.

Сондай-ақ, спикерлер адам көп шоғырланған жерге бармай, үйде отыруға кеңес берді. Айта кетейік, қазір 3012 нысанның аумағына жететін 11270 кг залалсыздандыру қоры бар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirus-zhaғdajynda-atyrauda-қa/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button