Баннер 9 мая от газеты Атырау

Атырауда қатты желдің салдарынан бірнеше аудан жарықсыз қалды

1f1da6cc 61f8 46f1 82ad 96de3aea18dc Жаңалықтар

Атырау қаласында сағат 14-30 шамасында қатты желдің салдарынан кейбір нысандардың шатырлары ұшып, бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды. 

«Атырау-Жарық» АҚ мекемесінің мәлімдеуінше, төбе бөлшектеры жоғарғы кернеулі 10/35кВ әуе желілері сымдарына тиіп, үзіліп, желі қосалқыларына зақым келген.

«Ақаулар кесірінен, Бірлік, Мұнайшы, Геолог, Томарлы, Ақжар, Ақсай, Алмалы ауылдары, Мирас, Жұлдыз-1,2,3 мөлтек аудандары жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта қалалық электр жүйесі мамандары орын алған ақауларды  жөндеу үстінде. Ол үшін 8- арнайы техника, 5- мамандырылған бригада жұмыс жасап жатыр. Жақын арада тұрғын-үйлер мен заңды тұлға нысандарына жарық берілетін болады», – деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз