Атырауда қатты желден ғимараттардың шатырлары ұшып жатыр
Атырауда құтқарушылар белсенді әрекет етуде, деп хабарлайды atr.kz Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Бүгін Атырау облысындағы ұйытқуы 23-28 м/с қатты желдің салдарынан үйлердің, ғимараттардың шатырларының ұшып, құлау оқиғасы орын алып, адамдардың өміріне қауіп төндірді.
Атырау қаласында қатты желдің салдарынан Махамбет к-сі 118 «г», Нұрсая м/а №1, Әуезов №58, Н. Ондасынов №109, Азаттық даңғылы №133 «б», Азаттық даңғылы №67, Қ. Ахмедияров к-сі №19, Байжігітова №61 мекен-жайларында орналасқан үйлер мен ғимараттардың шатырының ұшуы, балконның құлауы, теректің, күнқағардың құлауы орын алды.
Төтенше жағдайлар орындарында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары альпинистік жабдықтар мен авариялық-құтқару құралдарының көмегімен конструкцияның авариялық фрагменттерін бекітіп, жолдарды бүлінген шатыр конструкцияларынан тазартты.
Келіп түскен қоңыраулардың көптігіне қарамастан, құтқарушылар тез, жедел әрекет ете отырып, тұрғындарға көмек көрсетіп үлгеруде.
Орын алған барлық жағдайда зардап шеккендер жоқ”,- делінген хабарламада.