Атырауда қан донорлары тапшы
Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. Қазіргі жағдайға байланыста облыста қан донорлары санының төмендеуі байқалады. Ал, облыстық қан орталығы қанмен қамтамасыз етудің қажетті деңгейін сақтауы қажет.
Бұл ретте аталмыш орталыққа O + ( I оң) тобына – 10, О — ( II теріс) – 2, A + (II оң) – 25, A — (II теріс) – 2, B + (III оң) 25, B — (III теріс) 2 қан доноры қажет. Сондай-ақ, AB + (IV оң) тобына – 10, AB — (IV теріс) тобына 2 адам қан тапсырса болады.
Мамандардың айтуынша, мұнда донордың қауіпсіздігі үшін барлық жағдайлар жасалған. Қан тапсырамын деушілердің өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек. «Коронавируспен ауыратын науқастарға қан қажет емес. Бұл – біздің ауруханаларға қан тапсырудың әдеттегі әдісі. Донорларды қабылдау сағат 8:30-дан 13:30-ға дейінгі аралықта жүргізіледі» дейді сала қызметкерлері.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА