
Жаңалықтар
Атырауда қамыс өрті әлі сөнбеді
Каспий жағалауында қамыс өрті әлі сөнбеді.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват аумағындағы қамыс өрті 2 сәуірде сағат 9:12 шамасында анықталған.
«Бүгін, 3 сәуірде қамыс өртін жою жұмыстары жалғасып жатыр. Барлығы 38 қызметкер, 4 техника мен «Ақжайық» резерватының 30 қызметкері, 9 арнаулы техника, 2 қайық пен 4 мотопомпа жұмылған» деп мәлімдеді облыстық ТЖД мамандары.