Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда қала маңындағы барлық елді мекендерде жазғы су желісі жүргізілуде

Қала аумағында жазғы су құбырын жүргізу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазіргі таңда ауылдық округтердің барлығы дерлік жұмыстарды бастап, су желісін тартуда.

2022 жылы Дамбы елдімекеніндегі 3 көшеге су құбыры жүргізілген болатын. Ал, биылғы жылы Дамбы ауылындағы 10 көше, Амангелді ауылындағы 4 көшеге және 7 әлеуметтік нысанға ұзындығы 9950 метрді құрайтын тұрбалар тарту үшін қаражат бөлінді. Енді тендерге беру жұмыстары жүруде. Ал, Алмалы ауылына 2022 жылы 3,5 км орталық көше мен мекемелерге темір құбырлар пластикке ауыстырылып, сусорғы қондырылып, жүргізілді. Ағымдағы жылы Алмалы ауылын толық қамту үшін 19,4 шақырымға, Берекедегі 3,5 шақырымды құрайтын орталық көшелерге су жүргізу үшін қаражат бөлінді. Береке елдімекеніндегі қалған көшелерге жоба жасалуда.

Жазғы су жүйесі бойынша Қызылбалық ауылына 4000 метр жазғы су құбырлары жүргізілді. Нәтижесінде жаңа саябақ, мектеп және қосымша 4 көше сумен қамтылды. Жалпы, ауылға 11000 метр пластикалық құбыр салынды. Сонымен қатар, Құрманғазы ауылы бойынша 1100 метр магистралдық және 700 метр пластикалық құбыр жүргізіліп, сусорғы станция жасақталды. Қазіргі таңда трансформатор қою жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Еркінқала ауылына 2022 жылы 2600 метр жазғы су жүйесі жүргізіліп, Жайық жағасына су сорғы станциясы орнатылған болатын. Бұдан бөлек, Ракуша және Балауса елді мекендеріне 9090 метр жазғы су құбыры желісін тарту жұмыстары жасалуда. Бүгінгі күні 5 шақырымға жуығы жүргізілді.

Томарлы ауылындағы мектеп, мәдениет үйі мен орталық көшелерге 5 шақырым, Талғайраң ауылына 2 км, Бесікті ауылындағы мектеп пен балабақшаға 2км, Көктем ықшам ауданындағы білім ордасы мен бөбекжайға 2 км су жүйесі жүргізілуде. Ақсай, Ақжар ауылына 5 шақырымға жазғы су жүйесін жүргізуге конкурс жарияланды. Жұлдыз және Көктем елдімекендерде де жазғы суды жүргізуге жоба жасақталуда.

Сонымен қатар, 2022 жылы Тасқала-1 елдімекенінде орта мектеп, балабақша мен орталық көшеге 1 км жазғы су кұбыры жүргізілді. Наурыздан бастап жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрайтын Өрлеу дің 10, Кайнардың 7 көшесіне жазғы су желісі тартылуда.

Осы ретте, қала әкімі Мейірім Қалауи жазғы су желісі құрылысын қадағалап, ауылдық округке арнайы барды. Жұмыстарды бақылаған әкім ауылдық округтерге жазғы су желісін жүргізу жұмыстарына қалалық әкімдіктен қаражат бөлініп жатырғанын айтып, жұмыстарды сапалы және уақытылы орындауды тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button