Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда қайырымдылық дүкені жұмыс жасауда

Atr.kz/12 желтоқсан, 2019 жыл.  Атырауда «Игі іске бастама» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық дүкенін ашып, осы уақытқа дейін 300-ден астам отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қайырымдылық дүкені ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жұмыс жүргізіп келеді. Мақсаты – көп балалы аналар мен  әлеуметтік осал топтағы азаматтарды киім-кешек және азық-түлікпен қамтамасыз ету. Дүкендегі тауарлар жомарт жандар әкелген сырт киімдер мен аяқ киімдерден тұрады. 

«Игі ске бастама» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Ақылбек Мұхановтың айтуынша, дүкендегі барлық дүние мұқтаж жандар үшін ақысыз беріледі.

— Дүкеннен ақысыз түрде тамақ алу үшін көп балалы, жалғызбасты аналардың құжаттары сұралады. Ал, киім алу үшін ешқандай шектеу жоқ.  Ең бастысы –  мұқтаж жандардың жеке куәлігі қажет, — дейді Ақылбек Мұханов.

«Игі іске бастама» қоғамдық бірлестігі де қатарына ерікті жандарды жинауда. Басты талап – мұқтаж жандарға көмектесуге ынталы болуы. Бірлестік мүшесі болу үшін www.iib.kz сайтындағы «еріктілер қатарына қосылу» айдарына кіріп, жеке мәліметтеріңізді енгізе аласыз.

whatsapp image 2019 12 12 at 09.49.43 1

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button