Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда полицей әйелді байқаусызда аяғынан атып алды

Atr.kz/31 наурыз, 2019 жыл. Атырау қаласындағы халықаралық әуежайда полиция қызметкері әйелді байқаусызда аяғынан атып алды.

«29 наурыз күні Атырау қаласындағы халықаралық әуежайда жеке тексеру бөлмесінде Полиция желілік бөлімінің патруль-бекет қызметкері абайсызда қарумен оқ атып алған. Оқиға сағат 17.40 кезінде полиция қызметкері банк инкассаторының қаруын тексеру барысында орын алған. Оқиға салдарынан қала тұрғынының аяғына оқ тиіп, жарақат алған. Әйел бірден медициналық мекемеге жеткізілді», — делінген көліктегі полиция хабарламасында. Аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button