Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда политехникалық жоғарғы колледждің 30 студенті өндірістік тәжірибеден ақылы түрде өтеді

Аtr.kz/25 сәуір, 2019 жыл. Бұл туралы Аtr.kz-ге С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғарғы колледжінің баспасөз — хатшысы Аслан Жеңісұлы хабарлады.

«Қазіргі таңда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директордың орынбасары Орал Ыдырысовпен С. Мұқашев атындағы политехникалық жоғарғы колледжінің директоры Бағыт Шеркешбаева студенттерді компанияның өндіріс орындарында тәжірибеден өткізу туралы келісім-шартқа қол қойды. Ендігі жерде техникалық мамандықтар бойынша көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан және GPA балы жоғары 2-3 курс студенттері жазғы ақылы өндірістік тәжірибеден өтеді.

7V6B2276

Тәжірибе кезінде студенттерге 80 мың теңге көлеміндегі еңбекақы төленеді. Одан өзге студенттерді өндіріс басына күнделікті апарып-әкелуін, тамақтануын, арнайы киім мен жеке сақтану құралдарымен қамтамасыз етуді компания өз жауапкершілігіне алды» делінген баспасөз-хабарламасында.

Еске сала кетелік, «ҚазТрансОйл» АҚ бастамасы биылғы «Жастар жылы» аясында жүзеге асып отыр. Осы орайда жыл басында компанияда арнайы «Жол картасы» да қабылданды. Оған сай аталмыш жоба 2023 жылға дейін, яғни алдағы бес жылға шақталған.

«Аtr – Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button