Атырауда полицейлерге «қалжыңдап» жалған хабар берген жасөспірімнің ата-анасы айыппұл арқалады

1 10 Жаңалықтар

«Полицияға жалған хабарлама берген 15 жастағы жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды. Оқиға 10 сәуір күні сағат 00:10 шамасында болған» деп хабарлайды Atr. kz

Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына белгісіз адам қоңырау шалып, Дамбы селосында орналасқан Амангелді атындағы орта мектептің алдында бір топ бала төбелесіп жатқандығы жөнінде хабарлама берген.

«Хабарламаны тексеру барысында берілген ақпараттың жалған екендігі анықталып, полицияға хабарласқан 2006 жылы туылған жасөспірім анықталды.


Жасөспірім «қалжың үшін» полицияға қасындағы досының телефонынан қоңырау шалып, топтасқан төбелес туралы хабарлағанын айтты. Аталған факт бойынша жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438 бабының 3 бөлігімен (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылып, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды» делінген Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз