Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда полицейлер 364 киік мүйізін тәркіледі (+ ВИДЕО)

«23 жастағы браконьерлер Атырауда ұсталды» деп хабарлайды Atr.kz

Полицейлер мүйіздерді екі тұрғынның көлігінен тапты. Оқиға 6 ақпан күні болған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері Атырау қаласындағы Геолог ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында екі көлік ішінен барлығы 364 дана киік мүйізін тауып, тәркілеген.

«Маркалары бірдей «ВАЗ-21014» автокөліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы «ТОЗ-16» маркалы аңшылық мылтығы табылды. Ал, екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен  рұқсат құжаттары жоқ 4,5 калибрлі «Байкал МР-512″ маркалы қару тәркіленді» делінген Атырау облысы полиция басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.


  Қазіргі таңда  Исатай ауданы мен Атырау қаласының 23 жастағы екі тұрғынына қатысты «ҚР Қылмыстық кодекстің» 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button