
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда Pfizer вакцинасының 115 мың дозасы бар
«24 наурызда 1 адам қауіпті вирусқа шалдыққан. Ал соңғы 4 күнде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелмеген.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 15 адам сауығып шықты. Атырау облысында Pfizer вакцинасының 115 мың дозасы бар.
Бүгінге дейін бұл вакцинаның І компонентін 7 704 адам ектірді. Оның ішінде 12-18 жастағы 4 127 жасөспірім, бала емізіп отырған 3 174 ана мен 378 жүкті әйел бар.
Ерекше қажеттілігі бар 14 адам мен 11 тұрғын да аталған вакцинаны салдырды. Ревакциналаудан өту үшін 3 510 атыраулық Pfizer екпесін алды» деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.